Білім және ғылым министрлігі 217,4 млн теңгені кері қайтарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Білім және ғылым министрлігі 217,4 млн теңгені кері қайтарды

21.04.2016
Білім және ғылым министрлігі 217,4 млн теңгені кері қайтарды
Білім және ғылым министрлігі кәсіби-техникалық білім беру ісінде құны 500 миллион теңгелік қателікке жол берген. Комитет министрлікке аудиттік тексеріс жүргізіп, осындай заңбұзушылықты анықтағанын әрі 217,4 миллион теңгенің негізсіз жұмсалып кетуіне жол бермей, ел бюджетіне кері қайтарғанын айтты.

Мемлекеттік қаржының дұрыс игерілуін қадағалайтын бұл орган – білім ведомствасы 2014-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарды орындай алмады,-деп отыр.

Былтыр білім және ғылым министрлігі 76 600 кісіні арнаулы техникалық мекемелерде оқытқан. Бірақ, соның тек 38 мың 353-і ғана қызметке тұрған. Бұл, министрлік қай өңірге қандай маман-кадр керектігін зерттемегенін, жергілікті әкімдіктермен тығыз байланыста жұмыс істемейтінін көрсетеді,-дейді сарапшылар.

Нұрбек БЕКБАУ

Хабарламаларға жазылу