Ғылым және жоғары білім министрлігі 4 бағытта жұмыс істейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғылым және жоғары білім министрлігі 4 бағытта жұмыс істейді

15.06.2022

Жаңадан құрылған Ғылым және жоғары білім министрлігі 4 бағытта жұмыс істейді. Бұл туралы ведомство басшысы Саясат Нұрбек мәлімдеді. Ең әуелі Ұлттық ғылым академиясының мәртебесі қайтарылады. «Тиісті заң жобасы әзірленіп жатыр», - деді министр. Сонымен қатар жоғары оқу орындарындағы ғылымға басымдық беріледі. Қолданбалы ғылыми-зерттеулерді қаржыландыру жөнге қойылмақ. Сондай-ақ оқу орындарының ғылыми-технологиялық даму бағыт-бағдары айқындалады. Ведомство басшысы жаңадан құрылған министрліктің бұрынғы Білім және ғылым министрлігінен айырмашылығын да айтты.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:
Негізгі мақсат – ғылым және жоғары білім. ЖОО ғылыми бірлесіп, ғылым саласы қолданбалы нақты бағытталған зертеулерге бет бұрып, Қазақстанның экономикалық дамуына үлес қосу. Негізгі айырмашылық осы.


Хабарламаларға жазылу