Елімізде тұңғыш рет «Bolashak Business competition» атты бизнес кейстерді шешуге арналған зияткерлік ойын өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде тұңғыш рет «Bolashak Business competition» атты бизнес кейстерді шешуге арналған зияткерлік ойын өтті

26.03.2016
Елімізде тұңғыш рет «Bolashak Business competition» атты бизнес кейстерді шешуге арналған зияткерлік ойын өтті
Сайыс барысында болашақ кәсіпкерлер «Экспорттық операцияларды қаржыландыру» тақырыбы бойынша ойларын ортаға салды.

Шарт бойынша байқауға қатысушылар қазақстандық компанияларда орын алған мәселелердің дұрыс шешімін таба білу керек. Болашақ кәсіпкерлер өз ойлары мен ұстанымдарын әділ қазылар алдында дәлелдеді. «Bolashak Business competition» байқауында барлығы 120 команда бақтарын сынады.

Байқауға жасы 18 бен 29 жас аралығындағы студенттер мен кәсіпкерлер қатысқан. Төрт адамнан тұратын топ 20 минут ішінде бизнес кейсте берілген тапсырманы орындап, өз шешімдерін қорғады.

«Теория мен тәжірибені ұштастыратын мұндай бизнес кейстер жастар арасында кәсіпкерлікті дамытуға серпін береді»- дейді ұйымдастырушылар.

Ләззат БЕКТАС

Хабарламаларға жазылу