Ю.Галышева жарысты сәтті бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ю.Галышева жарысты сәтті бастады

07.02.2014
Ю.Галышева жарысты сәтті бастады
Сочи Олимпиадасының алғашқы жарыстарының бірі болып, фристайл могулдан іріктеу кезеңі өтті. Жарыста екі жерлесіміз ойын көрсеткен болатын. Аталған кезеңнің қорытындысы бойынша Юлия Галышева 21,17 ұпайға ие болып, финалдық кезеңге өтті.
 
Ал үздік болып АҚШ спортшысы Ханна Кирни танылса, екінші және үшінші орынды канадалық апалы-сіңілі спортшылар өзара бөлісті. Тағы бір қазақстандық Дарья Рыбалова бұл кезеңнен өте алмады. Енді Дарья іріктеудің екінші кезеңінде бақ сынайды.

Хабарламаларға жазылу