Шымкентте мектеп директорларын тағайындау ісі қала әкімінің назарында

28.10.2015
Шымкентте мектеп директорларын тағайындау ісі қала әкімінің назарында
Білім беру мекемелерінің басшылығына үміткерлер арнайы жасақталған комиссияның іріктеуінен өтеді.

Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың комиссияға жетекшілік етуімен облыс орталығындағы екі бірдей білім ұясы басшылығына үміткерлер таңдалды.

Лауазымды орын үшін бақ сынаған 6 үміткердің Қазақстан Республикасының заңдарын қаншалықты білетіндігі, құқықтық нормативтік құжаттардан бөлек, ұжымды басқарудағы, оқу әдістемелік процесін жақсарту жолындағы біліктілігі сарапқа салынды. Мұндай тәжірибе өңірде алғаш рет қолданылып отыр.

Бұған дейін мектеп директорлары Білім басқармасының ұйғарымымен ғана тағайындалатын. Қала басшысы жыл соңына дейін қаладағы мектептердің барлығына бақылау жүйесінің енгізілетінін жеткізді.


Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу