10 мың жыл бұрын өмір сүрген үңгір арыстанының денесі табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

10 мың жыл бұрын өмір сүрген үңгір арыстанының денесі табылды

27.10.2015
10 мың жыл бұрын өмір сүрген үңгір арыстанының денесі  табылды

Ресей федерациясының Саха республикасында палеонтологтар 10 мың жыл бұрын өмір сүрген үңгір арыстанының жақсы сақталған денесін тақпан. ТАСС ақпарат агенттігінің таратқан деректеріне қарағанда олар үңігр арыстанының абадандарының денелері болса керек.
Саха республикасы ғылым академиясының қызметкері Альберт Протопоповтың айтуынша бұл абадандар өткен жазда табылған екен. Ғалымдар әзірге олардың 10 мың жыл бұрын өмір сүргенін алға тартады. Алайда, радиокөміртегі сараптамасын жасамай тұрып нақты қай кезеңге жататын жануарлар екендігін айту қиын. Сондықтан, палеонтолог болжам ғана айтып отыр. Әзірге табылған абадандардың саны екеу.

Саха жерінің мәңгі тон қабаттарында жақсы сақталған бұл абадандар ғылымда үлкен жаңалық ретінде бағаланып жатыр. Әсіресе, жойылып кеткен жануарларды клондау тәсілімен қайта «тірілтуді» көздеп жүрген ғалымдар үңгір арыстандарының дәл осылай жақсы сақталған денесін бұрын-соңды кездестірмеген. Сондықтан, үңгір арыстандарының клонын жасаудың мүмкіндігі туындауы да ғажап емес.. Оның үстіне үңгір арыстандарының бұрын тек сүйектері ғана табылған еді.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу