Түркияда 30 миллион жыл бұрын өмір сүрген мүйізтұмсықтың сүйектері табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда 30 миллион жыл бұрын өмір сүрген мүйізтұмсықтың сүйектері табылды

15.09.2014
Түркияда 30 миллион жыл бұрын өмір сүрген мүйізтұмсықтың сүйектері табылды

Түркияның  Чорум қаласы Сунгурлу ауданынан 30 миллион жыл бұрын өмір сүрген мүйізтұмсықтың сүйектері табылды.  Оны мал бағып жүрген шопан тапқан. Мүйізтұмсық сүйектері табылған аймақта зерттеу жұмыстары басталды. Қазба жұмыстары кезінде тағы 60 ірі мүйізтұмсықтың сүйегі шығарылды. «Табылған ірі аң еркек мүйізтұмсық екені анықталды. Салмағы он тоннадан асады, иығының биіктігі 5 метрден жоғары деген болжам жасалып отыр», - дейді геология инженері Неше Оял.

Хабарламаларға жазылу