Назарбаев университетінің студенттері роботқа қазақ тілінде өлең оқытып, би билететін бағдарлама жасап шығарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Назарбаев университетінің студенттері роботқа қазақ тілінде өлең оқытып, би билететін бағдарлама жасап шығарды

09.10.2015
Назарбаев университетінің  студенттері  роботқа қазақ тілінде өлең оқытып, би   билететін  бағдарлама жасап шығарды

Науо есімді робот таяуда Абайдың 170 жылдығына орай ұйымдастырылған байқауда қазақша өлеңді оқып екінші орын алған. Өлең авторы, роботты қазақша сөйлеткен   студент  Жеңіс  Отарбай.  Ол достарымен бірге   Ирландияда оқыған   Назгүл Тәжіғалиеваның  жетекшілігімен  Науоға арналған бағдарламаны  әзірлеген.

Науо - францияның Альдебаран компаниясының  өнімі.   Дәрі беру, сабақ оқыту секілді  кішігірім қызметтер атқара алады.  Университет студенттерінің ізденісі арқасында енді билейтін болды.  

Назарбаев университеті студенттері    мұндай құлтемірлердің әлі талайын жасап шығаруы тиіс.  Бұл бағдарламалардың өндіріске енуі де  мүмкін.  Бастысы – жаңалыққа құштарлық,  ғылыми ізденісті жалғастыру керек,  дейді жастар.  

 

Гауһар ТӨЛЕКБАЙ

Хабарламаларға жазылу