
Индустрияландырудың екінші бесжылдығын жүзеге асыру үшін 46 мыңнан астам маман қажет. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев мәлімдеді.
2015-2019 жылдар аралығында өңірлік, республикалық 257 жоба жүзеге асырылмақ.
Осы ретте металлургия, мұнай-газ, көлік құрылысы мамандары тапшы екені анықталған.
Қазір аталмыш мамандықтар бойынша «Кәсіпқор» холдингімен кәсіптік оқу орындарына арналған 16 бағдарлама әзірленген.
Сондай-ақ, жоғары оқу орындарында 24 жаңа бағдарлама дайындалуда.
Әлия ӘШІМ
