Павлодар қаласындағы орталық стадионда мектеп бітіруші түлектерді марапаттау салтанаты ресми түрде ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар қаласындағы орталық стадионда мектеп бітіруші түлектерді марапаттау салтанаты ресми түрде ашылды

20.06.2015
Павлодар қаласындағы орталық стадионда мектеп бітіруші түлектерді марапаттау салтанаты ресми түрде ашылды

«Алтын белгіге» үміткер 124 оқушының 60-ы біліктіліктерін дәлелдеді. Орташа балл 80,2. Бұл былтырғыдан жоғары көрсеткіш. Халықаралық Олимпиадалардың жеңімпазы болған 98 оқушы ҰБТ-дан босатылған.

Ерекше бір бөліп айтары биыл қазақ мектептерінің түлектері ерледі. Орыс мектептерімен салыстырғанда олардың білім көрсеткіші 5 пайызға артық. Яғни, мемлекеттік тілде оқытатын мектептерде білім беру сапасы жоғары деген сөз.

 

Болат АМАНБАЕВ 

Хабарламаларға жазылу