Бердібек Сапарбаев Астанадағы №3 мектеп-гимназияның түлектерін құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бердібек Сапарбаев Астанадағы №3 мектеп-гимназияның түлектерін құттықтады

25.05.2015
Бердібек Сапарбаев Астанадағы №3 мектеп-гимназияның түлектерін құттықтады

Олардың 3,5 мыңы ҰБТ тапсыруға ниет білдірген. Елордалық 180 түлек «Алтын белгіге» және 79 бала ерекше аттестат алуға үміткер.

Білім ордаларындағы соңғы қоңырау мерекесіне лауазымды тұлғалар да қатысып, түлектерге сәт-сапар тіледі.

Елордадағы №3 мектеп-гимназиясының салтанатты шарасына барған Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев бітіруші түлектерді құттықтады.

Биылғы оқу жылында №3 мектеп-гимназиясынан 51 түлек қанат қақты. Олардың 49-ы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, бақтарын сынамақ.

Бердібек Сапарбаев бүгінде жастардың сапалы әрі терең білім алуы үшін елімізде барлық жағдай жасалғандығын ерекше атады. 

 

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

Хабарламаларға жазылу