Бүгін еліміздің барлық аймағында ҰБТ өтіп жатыр. Науқан 15 маусымға дейін жалғасады.
Оған республика бойынша 124 мың түлек қатыспақ. Оның 84 мыңы - қазақ тілінде мектеп бітіргендер.
Емтихан ел аумағындағы 165 тестілеу пунктінде өткізіледі.
Ұлтық арна тілшілері түлектер мен олардың ата-аналары үшін маңызды науқанды бақылауда ұстау үшін тестілеу пункттеріне аттанды.