Бүгін еліміз бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін еліміз бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды

18.01.2019

Оған қатысуға 35 мыңнан астам түлек ниет білдірген. Ақылы түрде өтіп жатқан сынаққа мектеп бітірушілер мен былтыр тестілеуде шекті балл жинай алмағандар қатысып жатыр. Өтініштерді қабылдау желтоқсан айының 1-і мен 15-і аралығында өткен. Тестілеу республика бойынша 74 пункте өтеді. Қатысушылардың 20 мыңы сынақтан қазақ тілінде, 61 түлек ағылшын тілінде, өзгесі орыс тілінде тапсырып жатыр.

Рамазан Әлімқұлов, Ұлттық тестілеу орталығының директоры:

- Біз жыл сайын 30-50 пайыздың көлемінде тест сұрақтарын жаңартып тұрамыз. Бүгін және наурыз, мамыр, тамыз айында жаңа сұрақтар қолданылады. Сұрақтар қайталанбайды.

Оңғар АЛПЫСБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу