Биыл «Серпін 2050» бағдарламасы аясында Дәулет Серікбаев атындағы ШҚМТУ-ға 450 грант бөлінген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл «Серпін 2050» бағдарламасы аясында Дәулет Серікбаев атындағы ШҚМТУ-ға 450 грант бөлінген

28.05.2015
Биыл «Серпін 2050» бағдарламасы аясында Дәулет Серікбаев атындағы ШҚМТУ-ға 450 грант бөлінген

Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік техникалық университетінің іргетасы 50 жыл бұрын қаланған.

Бүгінгі таңда еліміздегі ең ірі жоғары оқу орындарының бірі. Материалдық-техникалық базасы мықты. Жақсы маман дайындауға барлық мүмкіндігі бар.

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың кітапханасында қазіргі таңда 1 миллионнан астам кітап бар. Жыл сайын кітап қоры 13 мыңға жуық жаңа оқулықтармен толығады.

Жоғары оқу орны негізінен техникалық мамандықтарды дайындайтындықтан, мұндағы кітаптардың 70 пайызы осы саланы қамтиды.

Биыл «Серпін 2050» жобасына еліміздегі 19 жоғары оқу орны мен 48 колледж қатысады. Осы бағдарлама шеңберінде 70-тен астам мамандыққа оқыту көзделген.

 

Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу