Астанада 4 мың 407 оқушы мектеп түлегі атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада 4 мың 407 оқушы мектеп түлегі атанды

25.05.2015
Астанада 4 мың 407 оқушы мектеп түлегі атанды

Ал, Астанадағы генерал Сағадат Нұрмағанбетов атындағы «Жасұлан» мектебін 75 түлек тәмамдауда.

Оқу ордасы 1999 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен ашылған. Биыл мектеп 16-шы рет қанаты қатайған болашақ әскер элитасын түлетіп ұшырды.

Елордалық №58 мектеп түлектері де бүгін үлкен өмірге қадам басты. Он бір жыл бұрын тарыдай болып мектеп табалдырығын аттаған 50-ден астам оқушы таудай болып түледі.

Ұстаздарға ыстық лебіздерін білдіріп, түлектер атынан би арнады. Мерекелік кеш соңында түлектер 1-ші сынып оқушыларына аманатын жолдады. 

Жаңа өмірге жолдама алған түлектердің ендігі мақсат-мұраты – Ұлттық бірыңғай тестіден сүрінбей өту. Бүгінде елімізде жастардың сапалы әрі терең білім алуы үшін барлық жағдай жасалған.

 

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ 

Хабарламаларға жазылу