Елімізде ғылымға бет бұрған жастардың саны 46 пайызға өскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде ғылымға бет бұрған жастардың саны 46 пайызға өскен

16.04.2015
Елімізде ғылымға бет бұрған жастардың саны 46 пайызға өскен

Қазір мамандардың ғылыми еңбектері арнайы сараптамадан өтуде. Бұл туралы бүгін өткен брифингте айтылды.

«Биыл тұңғыш рет берілетін мемлекеттік сыйлықты иелену үшін 26 ғылыми жұмыс тапсырылған. Сыйақының құны 100 мың АҚШ долларын құрайды»,- деді Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Сансызбай Жолдасбаев.

Жалпы елімізде ғылымға бет бұрған жастардың саны 46 пайызға көбейген. Жуықта Қазақ хандығының 550 жылдығына орай үш тілде ғалымдардың арнайы зерттеу еңбектері жарық көрмек. 

 

Нұргүл САҒИТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу