Қазақстанда кәсіптік-техникалық білімі бар мамандар тапшылығы сезілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда кәсіптік-техникалық білімі бар мамандар тапшылығы сезілуде

02.03.2015
Қазақстанда кәсіптік-техникалық білімі бар мамандар тапшылығы сезілуде

Бұл туралы сенатор Мұрат Бақтиярұлы баяндады. Дейтұрғанмен, отандық білім беру саласында алаңдатарлық мәселелер баршылық. Мысалы, қазір орта білімді мамандар тапшылығы сезілуде.

Есесіне, қолында жоғары оқу орындарының дипломдары бар түлектер саны жыл сайын артуда.

«Біздің елде жоғары білімді мамандар қаншалықты керек. Осыны зерттеп отыратын орталық құру қажет», - дейді сенатор.

Қазір студенттердің 63 пайызы жоғары оқу орындарында білім алса, 17 пайызы кәсіптік-техникалық колледждерде оқиды. Ал, қалған 20 пайызы еш жерде тіркелмеген.

Хабарламаларға жазылу