Елімізде әр төртінші азаматтың жоғары білімі бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде әр төртінші азаматтың жоғары білімі бар

06.11.2023

Елімізде әр төртінші азаматтың жоғары білімі бар. Мұндай ақпаратты 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша Ұлттық статистика бюросы беріп отыр. Мәліметтер Stat.gov.kz сайтында жарияланды. Яғни, Қазақстанда 3 млн 700 мың адамның жоғары білімі бар. Сондай-ақ, 4 млн 100 мың азамат арнайы орта білім алған.

2009 жылғы санақпен салыстырғанда, жоғары білімді тұрғындардың үлесі 19,8 пайыздан 27,6 пайызға артты. Аймақтар арасында бұл көрсеткіш бойынша Алматы облысы көш бастап тұр. Мұнда 408 мың адам жоғары білімді. Елдегі әр мың адамның  276-сы университет дипломына ие. Ал техникалық және кәсіптік білімі бар азаматтар саны жөнінен Түркістан облысы көш басында. Ел бойынша 120 мыңнан аса адамның ғылыми дәрежесі бар.

Бауыржан Әлжанов, Ұлттық статистика бюросының бас сарапшысы:

Жоғары білімі бар халықтың үлесі бойынша Астана қаласы көш басында. Жоғары білімнен кейінгі білімі бар халық 120 мыңнан асады. Оның 70 пайыздан астамы магистранттар.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу