Алматыда ІІ Халықаралық журналистика жəне коммуникация қысқы мектебі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда ІІ Халықаралық журналистика жəне коммуникация қысқы мектебі өтті

10.02.2015
Алматыда ІІ  Халықаралық журналистика жəне коммуникация қысқы мектебі өтті

Алматыда Біріккен Ұлттар Ұйымының 70 жылдығы мен Дүниежүзілік радио күніне арналған ІІ  Халықаралық журналистика жəне коммуникация қысқы мектебі өтті.

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультетінің ұйымдастыруымен өткен шараға Қырғыз Республикасы мен Өзбекстан журналистері қатысты.

Үш күнге созылған жиында  шетелдік медиадәріскерлер мен еліміздің білікті мамандары дәріс оқып, өзара тәжірибе алмасты.

Сондай-ақ медиажурналистиканың жаһандық талаптарға сай дамуы мен трансформациялануы сөз болды.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу