Бастауыш сыныптар үшін «Ғылымға кіріспе» пәні енгізіледі

27.10.2014
Бастауыш сыныптар үшін «Ғылымға кіріспе» пәні енгізіледі

Жаңашылдықтың мақсаты - бірінші сыныптан биология, химия, физика іспетті техникалық пәндерді оқытуға негіз салу.

Бұл үшін мектеп ұстаздары арнайы үш деңгейлік курстан өткен. Вице-министрдің мәліметінше, әзірге бастауыш мұғалімдерінің 27 пайызы жаңа пән бағдарламасымен жетік таныс.

«Ғылымға кіріспе» пәнінің енгізілуі – балаларды жастайынан жаңашылдыққа, ғылым мен технологияға баулу» - дейді мамандар.

 

Әлия ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу