Қазақ зиялы қауымының бірнеше кітабы Германияның Франкфурт қаласында өткен халықаралық кітап жәрмеңкесінде жоғары бағаланды. Жәрмеңкеге әлемнің 100 елінен 7 мың кітап қойылды.
Олардың қатарында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтановтың «Экономиканың математикалық методтары мен моделдерi» аталатын монографиясы да бар. Нобель сыйлығының иегерлері тарапынан жоғары бағаланған бұл кітап Германияның «Шпрингер» баспасынан ағылшын тілінде шықты.
Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ