Таразда «Жамбыл кітап фестивалі» өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда «Жамбыл кітап фестивалі» өтті

23.04.2024

«Кітап оқуды арттыру үшін алдымен жаңа форматта жарнама қажет». Тараздағы «Жамбыл кітап фестиваліне» жиналған оқырман қауым осындай пікір айтты. Бүгінгі қоғамда баспаларға маркетингті меңгеріп, авторларға менеджер болуды үйрену керек. Яғни кітап шығарушы компания өз өнімдеріне заманауи тәсілдермен жарнама жасап, ал авторлар өз кітабын өзі сата алуы тиіс. Сонда ғана сұраныс болып, оқырманға деген аудитория ашылады. Бүгінгі халықаралық кітап күнінде автор мен оқырман осындай ортақ пікірде. Ал кітап көрмесі екі күнге жалғасады. Кітап құмарлардың мерекесінде еліміздегі 20-ға жуық баспаның төл өнімдері ұсынылды. Шара барысында ең көп кітап оқыған оқырмандар марапатталды. Бір жылда 200 кітап оқығаны үшін Шу ауданынан келген жас журналист Айғаным Асқарбек бірінші орын алды.

Жүсіпбек Қорғасбек, жазушы:

Мен бір ұсыныс айтқым келеді. Осы кітап көрмелерін енді ауылды жерлерге, көшпелі кітап көрмелерін жасау керек. Ол жерге барып, бір кітап өткізіп, баю қоям деген мақсат емес. Ауылды жерлерде кітапқа деген сұраныс көп, мен білемін.

Хабарламаларға жазылу