Бұл - саналы ғұмырын бала тәрбиесіне арнаған үздік ұстаздарға деген құрметтің белгісі.
Өскелең ұрпақтың санасына білім дәнін сеуіп, бойына ізгілік нұрын құйып жүрген 40 мұғалімнің барлығы да өз ісінің шебері.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, түрлі бәйгеде топ жарып жүрген ағартушы сала өкілдерін қаржылай ынталандыру арқылы мұғалімдік мамандықтың мәртебесі көтеріледі.
Кәсіби мерекеде бір миллион теңгеге ие болған педагогтар білімді ұл-қыз тәрбиелеуге күш саламыз, дейді.
Гүлжан ҚАЛТАЙҚЫЗЫ