Биыл елімізде үшінші жыл қатарынан «Үздік педагог» байқауы өтуде. Білім және ғылым министірлігінің қолға алған жобасы орта білім беретін мекемелердегі ең үздік ұстаздарды анықтауға бағытталған. Биылғы байқауға алты мыңға жуық маман қатысты. Бірақ, жүзден жүйрігі ғана «Үздік педагог» атанды.
Үздіктерді марапаттау рәсімі Тәуелсіздік және келісім сарайында өтті. Ең бірінші болып Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов сөз алды. Мінберге мінген министр мұғалімдерді мерекемен құттықтап, кезінде, өзін оқытқан ұстазын ортаға шықырды.
Айдана ҮСЕНБАЙ