Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы мен Фридрих Эберт атындағы қор арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.
Қордың Орталық Азиядағы өкілдігінің директоры Пэр Тешендорфтың айтуынша, тараптар арасында ғылыми-зертеу және гуманитарлық салада тәжірибе алмасудың көкжиегі кеңеймек.
Алдағы уақытта Елбасы кітапханасының мамандары Германияға барып Еуропадағы мол қоры бар кітапханадағы тағылымды туындыларды аударып,оқырман игілігіне жаратпақ.
Фридрих Эберт атындағы қордың өкілдері қазақ тіліндегі кітаптарды неміс тіліне аударып, кітапханаларына қоймақ.
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ