Жаңа оқу жылы бойынша Жамбыл облысында 190 мыңнан астам оқушы білім алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа оқу жылы бойынша Жамбыл облысында 190 мыңнан астам оқушы білім алады

01.09.2014
Жаңа оқу жылы бойынша Жамбыл облысында 190 мыңнан астам оқушы білім алады

Бүгін Жамбыл облысының 450 күндізгі жалпы блім беретін мектебінде және 51 колледжде алғашқы қоңырау соғылады.

Облыстық Білім басқармасынан хабарлағандай, жаңа оқу жылында 1 сыныптықтарды қоса алғанда, 190 мыңнан астам оқушы мектепке келмек.  

Қазіргі уақытта өңірдегі 51 колледжде техникалық және кәсіптік білім бойынша кадрлар даярлау 85 мамандықта жүргізіледі. Олардағы оқушылар саны 32 320, оның 13 500-і мемлекеттік тапсырыс есебінен білім алуда. Облыстың 11 колледжінде дуальдық жүйе енгізілген. Бұдан әрі облыстың 23 колледжінде 20 мамандық осы жүйе бойынша оқытылмақ.  

Таразда өткен облыс білім қызметкерлерінің дәстүрлі «Тамыз» мәслихатында Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев білім  инфляцияға ұшырамайтын бірден-бір капитал екенін атап өтті.

«Жамбыл облысы халқының 36 пайызын 18 жасқа дейінгі балалар құрайды. Осынау мыңдаған жеткіншектердің арасында таяудағы 10 жылда ұлттық элитаны құрайтын біздің болашағымыз білім алуда», - деп атап көрсетті өңір басшысы.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу