Елордада «Туған елге тағзым» атты оқушылардың өлкетану-зерттеу экспедициясы аяқталды.
Оған Шымкент және Орал қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 800-ге жуық оқушысы қатысты.
Биыл үшінші мәрте ұйымдастырылып отырған экспедиция оқушыларға туған жердің табиғаты мен еліміздің әлеуметтік-экономикалық және тарихи-мәдени даму деңгейімен кеңірек танысуға мүмкіндік береді.
Жоба аясында жас өлкетанушылар «Қорғалжын» қорығы мен орталық өңірдің флорасы мен фаунасын зерттеп, «АЛЖИР» тарихымен танысты.
Қуандық Мақсұтов, Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы:
Сонымен қоса, Елбасының тұңғыш мұражайында болып, өмірлік жолын танып-білдік.
Айдана ҮСЕНБАЙ