Оның ішінде халықаралық білім аренасында аты әйгілі Шанхай, Бейжің университеттерінің өкілдері де бар. Олар көрмеге келушілермен тікелей кездесіп, оқу мерзімі, шәкіртақы мәселелері жөнінде ақпарат берді. Көрме ертең Алматыда жалғасады.
Лэ Юйчэн, Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі:
Қытайда білім аламын дейтін қазақстандық түлектерге біздің елшілік жыл сайын 200-ден астам грант бөледі. Одан бөлек, бүгін көрмеге келген оқу орындарының өздері ұтып алған гранттары бар. Мәселен, бір ғана Шанхай университеті биыл 150 грант ұтып алды.
Айдана ҮСЕНБАЙ