Астанада халықаралық білім көрмесі өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада халықаралық білім көрмесі өтіп жатыр

23.06.2017

Еліміз бен әлемнің үздік жоғары оқу орындары Астанада тоғысты. Екі күнге созылатын халықаралық білім көрмесінде жастар әрбір университеттің мүмкіндіктері мен талаптарын біле алады. Осымен 4-ші рет ұйымдастырылып жатқан шараға биыл 90-ға жуық жоғары оқу орны қатысып жатыр. Басым бөлігі – шетелдік университеттер. Жыл сайын басқа елде білім алуға ынталы студенттер саны көбейіп келеді. Бүгіндері 70 мың қазақстандық шалғайда оқу оқып жүр. Көрмеге қатысып жатқан жоғары оқу орындары біздің елдің жастарының оқу үлгеріміне дән риза. Сондықтан, биыл да қуана күтетіндерін айтып жатыр. 

 

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу