Кәсіподақ жетекшілерінің халықаралық форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіподақ жетекшілерінің халықаралық форумы өтті

14.06.2014
Кәсіподақ жетекшілерінің халықаралық форумы өтті
Түркітілдес елдердегі кәсіподақ ұйымдарының үштен бірі білім саласына тиесілі. Олардың бір-бірінен үйренер үрдістері жетерлік. Астанада екі күннен бері білім қызметкерлері кәсіподағының 9-шы халықаралық форумы өтіп жатыр. Оған 11 елдің білім саласының кәсіподақ жетекшісі қатысуда. Жиында ұстаздар мен ғылыми қызметкерлердің көкейкесті мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы қол қойған кәсіподақтар туралы Заңның жаңашылдықтары да сөз болды. Айта кетейік, дәл бүгінгі күні қазақстандық Кәсіподақ федерациясы 150-ден астам мемлекетпен тығыз қарым-қатынас орнатқан.
 
Мукса Аққаш, Түркия білім беру қызметкерлері кәсіподағының бас хатшысы:
Мұндай жиынды тоғыз жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіп келеміз. Басқосу соңында қатысушы елдер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға арналған декларацияға қол қоямыз. Ал, келер жылғы 10-шы форумды Қырғыз елінде өткізуді жоспарлап отырмыз.
 
Шынар АСАНҚЫЗЫ
 

Хабарламаларға жазылу