Биыл білім және ғылым саласы қызметкерлері кәсіподағының құрылғанына - 90 жыл. Бүгінде 24 түрлі салада кәсіподақ болса, білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы тарихы жағынан да, саны жағынан да ең үлкені.
Айтулы шараға орай «Кәсіподақтар, түйіткілдер мен ізденістер және шешімдер» атты халықаралық конференция өтті.
Оған 11 елдің білім саласының кәсіподақ жетекшілері қатысты.
Жиналғандар ұстаздар мен ғылыми қызметкерлердің көкейтесті мәселелерін ортаға салды, тәжірибе алмасты.
Конференцияда күні кеше Президент қол қойған «Кәсіподақтар туралы» Заңның жаңашылдықтары талқыланды.
Айта кету керек, қолданыстағы Заң бұдан 20 жыл бұрын шыққан болатын.
Әбілғазы Құсайынов, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы:
20 жылдың ішінде тарап кеткендері де, тәуелді болғандары да аз емес. Елімізде 636 кәсіподақ бар. Сондықтан, мына жаңа Заң бәрін біріктіреді.
Майра Амантаева, ҚР білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы:
Барлық кәсіподақ көшбасшыларының мақсаты - бір. Еңбек адамын қорғау. Жиын барысында әр елдің Кәсіподақ өкілдерімен ой бөлістік.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ