И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің құрылғанына - 90 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің құрылғанына - 90 жыл

17.09.2020

Сыр өңіріндегі іргелі оқу ордасы Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің құрылғанына биыл - 90 жыл. Айтулы мерекеге орай білім ошағы күрделі жөндеуден өтті. Ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, транспорт салалары бойынша маман даярлайтын білім ошағының тарихы 1930 жылдан басталады. Ең алғаш зоотехникалық-мал дәрігерлік техникумы болған оқу орнына 2003 жылы колледжге соғыс және еңбек ардагері, мемлекет және қоғам қайраткері Исатай Әбдікәрімовтің есімі берілді. 

«Жас маман» жобасы аясында кабинеттер еуропалық стандартқа сай жабдықталды. Мұнда жоғары технологиялық зертханалық жұмыстар жүргізіледі. 

Бүгінде бұл оқу орнында 30 мамандық бойынша 2 мыңға жуық студент білім алады. Колледж дуальді оқыту технологиясы бойынша өндіріс орындарымен бірлесіп жұмыс істейді. Сондықтан жас мамандардың жұмысқа орналасу көрсеткіші жоғары. 

Ә.Ерғалиұлы

Хабарламаларға жазылу