Биыл 1 миллион 600 мың оқушы жазғы лагерге барады (толығырақ) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл 1 миллион 600 мың оқушы жазғы лагерге барады (толығырақ)

09.06.2014
Биыл 1 миллион 600 мың оқушы жазғы лагерге барады (толығырақ)
2011 жылдан бастап Үкімет арнайы Қаулы қабылдап, оқушыларды жазғы демалыспен қамтуды мықтап қолға алған.
 
Бүгіннің өзінде бірінші ауысымның 800 мыңға жуық баласы жазғы демалыс орындарында тынығуда. Қыркүйекке дейін тағы осыншама бала лагерге барады.
 
Оқуды аяқтап, кеше ғана тест тапсырып, үлкен өмірге аяқ басқандарды айтпағанда, қазір 1-10 сыныпта оқитын елімізде 2,5 миллион оқушы бар. Қазір оларда демалыстың қызған кезі.
 
Айша №66 мектеп оқушысы:
Менің атым - Айша. Мен 6-шы  топтамын. Біздің топтың аты - «Балдаурен». Лагерде біз өте қызықты күндер өткіземіз. Көптеген жарыстар болады. Әр жерлерге барамыз.
 
Биыл Айша секілді 1 миллион 600 мың оқушы жазғы лагерлерде тынығады. Бірі мектеп жанындағы, екіншісі теңіз жағасында, тіпті олимпиадалар мен оқуда озат болғандар алыс-жақын шетелге де аттанады.
 
Жаңыл Жонтаева, ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры:
Балалардың демалысын ұйымдастырып жатқан бірінші ай - маусым айы. Маусым айында 780 мыңға жуық  бала демалады. Бұл 33,8 пайызды құрап отыр.
 
Балалардың демалысын ұйымдастыруда Қызылорда облысы алдыңға қатарда. Мұнда облыс қаржысына салынып, жыл он екі ай жұмыс істейтін бірнеше лагерь бар. Нәтиже жоқ емес. Оқушылардың 92 пайызы лагерьде демалады.
 
Наурыз Байқадамов, Қызылорда облыстық Білім басқармасының басшысы:
125 мың бала бар.Оның 7 мыңдайы биыл бітіреді. Сонда 118 мың баланың 108 мыңдайы қамтылып отыр.
 
Биылғы маусымның тағы бір жаңалығы. Министрлікке қарасты Бурабайдағы «Балдаурен» лагерінде биыл көршілес елдердегі 100-ге жуық қандасымыз тынығады.
 
Бұдан бөлек, өңір-өңірден келген оқушылар алты ауысымда демалады. Министрлік ақпаратына сай, лагерлерге жолдама құны 7 мың теңгеден басталады.
 
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
 

Хабарламаларға жазылу