ҰБТ-дан 17 мыңнан астам оқушы өте алмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҰБТ-дан 17 мыңнан астам оқушы өте алмады

06.06.2014
ҰБТ-дан 17 мыңнан астам оқушы  өте алмады
ҰБТ-ның төрт күнгі қорытындысы бойынша, ең төменгі - 50 балды 17 833 оқушы жинай алмады. Ал, кеше тапсырған 9 346 түлектің 1 888-і шекті балға жете алмады.
 
1 404 оқушы  100-ден астам балл жинаған. Тест тапсырушылардан 2 938  ұялы телефон, 2 574 шпаргалка, 187 калькулятор, 16 фотоаппарат, 7 рация, 2 флешка, 1 қол сканері табылған.
 
Төртінші күннің қорытындысы бойынша, ең жоғары көрсеткіш - 125 балды жинағандар жоқ.
 
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу