ҰБТ-дан 15 мыңнан аса оқушы өте алмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҰБТ-дан 15 мыңнан аса оқушы өте алмады

05.06.2014
ҰБТ-дан 15 мыңнан аса оқушы өте алмады
ҰБТ-ның үш күндік қорытындысы бойынша ең төменгі 50 балды 15 мың 945 оқушы жинай алмады. Ал кеше тест тапсырған 24 мың 104 түлектің 5 мың 829-ы шекті балға жете алмады.
 
Тәртіп бұзғаны үшін 10 талапкер аудиториядан шығарылды. Тест тапсырушылардан 11 046   ұялы телефон, 7 533   шпаргалка, 438 калькулятор, 82 фотоаппарат, 8 рация, 8 блютуз, 19 флеш карта, 17 wi-fi табылған.
 
4 018 талапкер 100-ден астам балл жинаған. 2013 жылы мұндай нәтижеге 3 231 түлек қол жеткізген еді. Үшінші күннің қорытындысы бойынша, ең жоғары 125 балды жинағандар жоқ.
 
 
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу