Тәртіп бұзғаны үшін 13 талапкер дәрісханадан шығарылды. Тест тапсырушылардан 5 962 ұялы телефон, 1 783 шпаргалка, 121 калькулятор, 6 фотоаппарат, 2 рация табылған.
3 797 оқушы 100-ден көп балл жинаған. 2013 жылы мұндай нәтижеге 2 743 түлек қол жеткізген еді. Ең төменгі көрсеткіш - 50 баллды 6 233 түлек жинай алмаған.
Бірінші күннің орташа көрсеткіші - 76,6 балл. Ал өткен жылы – 75,5 ұпай болған. Әзірге ең жоғары 125 балды Алматы қаласындағы №178 лицейдің түлегі Әбдіжаппар Айғаным Бақытқызы жинаған.
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ