12 сәуір - Ғылыми қызметкерлер күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

12 сәуір - Ғылыми қызметкерлер күні

11.04.2014
12 сәуір - Ғылыми қызметкерлер күні
12 сәуір - Ғылым саласындағы қызметкерлер күні. Осыған орай, Астанада «Интеллектуалды көшбасшылық: дамудың жаңа бағдары» тақырыбында I Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
 
Оған қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының ғалымдары мен магистранттары, сондай-ақ, докторанттары қатысты.
 
Жиын барысында мемлекеттік басқару мен басқарушылық кадрлардың бәсекеге қабілеттілігі мәселелері талқыланып, қатысушылардың ұсыныстары мен тың ойлары ортаға салынды.
 
Айта кетейік, жиынның өтуіне Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымұрындық болды.
 
Болатбек Әбдірәсілов, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры:
Конференцияның негізгі мақсаты - жас ғалымдардың жұмысын талқылау. Оларды «Қазақстан-2050» Стратегиясының негізгі мәселелеріне бағыттау.
 
Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу