Елбасы өзінің дәстүрлі Жолдауында ХХІ ғасырдағы дамыған мемлекеттің тірегі белсенді, білімді, әрі дені сау жастар болуы тиіс деп атап көрсетті. Сондықтан олардың әлеуметтік мәселелері дер кезінде шешіліп жатса бұл үлкен жетістік.
Шәкіртақыны өсіру туралы қуанышты хабар жастардың ілім-білімге деген құштарлығын, жігерін еселей түсті. Жағдай жасалып жатыр, енді еңбектену қажет, дейді ұстаздар.
Азамат Дүйсембаев, Қарағанды мемлекеттік университеті маркетинг кафедрасының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты:
Мысалға қазір студенттер 20-22 мың теңге алады деп есептейік. Яғни, айына 2000 теңгеден қосылса, 10 айда 20 мың теңге студенттердің қалтасына артық етпейді. Сондықтан әрі қарай ештеңеге алаңдамай, жақсы оқуларына, өздерінің мақсаттарына қол жеткізу үшін толық мүмкіндік бар.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ