2020 жылы студенттердің шәкіртақысы 25 пайызға өседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2020 жылы студенттердің шәкіртақысы 25 пайызға өседі

10.12.2019
2020 жылы студенттердің шәкіртақысы 25 пайызға өседі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жастар жылының жабылу салтанатында қазақстандық студенттердің шәкіртақысын өсіруді тапсырды.

«2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бакалавриат, магистратура және докторантурада оқитын жалпы саны 130 мыңға жуық студенттің шәкіртақысы 25 пайызға өседі», - деді Мемлекет басшысы.

Техникалық және кәсіптік білім беру орындары студенттерінің де шәкіртақысы 25 пайызға артатын болады. «Менің тапсырмам бойынша, Үкімет 2020 жылдың қаңтар айынан бастап орта арнаулы білім беретін колледж студенттері шәкіртақысын да 25 пайызға өсіреді», - деді ҚР Президенті.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылғы қыркүйек айынан бастап жұмысшы мамандықтағы 122 мың білім алушының шәкіртақысы 30%-ға ұлғайтылған. Ал 2020 жылдың қаңтар айынан бастап орта буын мамандарының шәкіртақысы 16 759 теңгеден 20 948 теңгеге, ал өте жақсы оқитын студенттердің шәкіртақысы 19 272 теңгеден 24 090 теңгеге көтеріледі, деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

2020 жылдың қаңтар айынан бастап базалық деңгейде бакалавр дәрежесінде білім алушылардың шәкіртақысы 20 949-дан 26 186 теңгеге, магистратура шәкіртақысы 53 530-дан 66 913 теңгеге және докторантура шәкіртақысы 81 998-ден 102 498 теңгеге көтерілмек. 




Хабарламаларға жазылу