Атырауда студенттердің ғылыми клубы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда студенттердің ғылыми клубы ашылды

23.01.2014
Атырауда студенттердің ғылыми клубы ашылды

Атырауда мұнай-газ өндірісі үшін арнайы маман даярлайтын аймақаралық колледждің студенттері жаңа ғылыми клубтың тұсауын кесті. Қазірдің өзінде үш жүзге тарта мүшесі бар ғылыми клубтың мақсаты физика және химия ғылымдары саласын тереңдей зерттеуге бағытталған.

 
Мұнда шетелдік ғалымдар тобы талабы бар жастарға теориялық білімді тәжірибемен ұштастырып, зертханалық жұмыстар жүргізудің қыр-сырын үйретеді. Сабақ тек ағылшын тілінде жүргізіледі. Білім ордасының зертханалары әлемнің озық үлгідегі құралдарымен жабдықталған. 
 
Жас ғалымдар осы бастамалары арқылы, Президенттің биылғы Жолдауында айтылған, отандық кәсіпорындардағы инновациялық технологияларды дамытуға үлестерін қоспақшы. Жастардың бұл ғылыми клубына аймақтағы кез-келген оқу ордасының озық ойлы студенттері мүше бола алады.
 
Нұрсая Әбенова, ғылыми клуб мүшесі:
Физика және химия бағыты бойынша біз көптеген дәрежелерге жете аламыз, көптеген эксперименттер өткізіп, жетістіктер аша аламыз деп ойлаймын. Сол үшін осы клубқа мен сенемін, өзім де мүше болып жазылдым. 
 
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу