Жабылу салтанатында қатысушы елдердің спортшыларының барлығы бірге стадионға шықты. Олардың арасында 9 спорт түрінде бақ сынаған қазақстандықтар да болды. «Таң тазалық» елі ашылуы сияқты, жабылу салтанатын да көрермен көкейінде қалатындай етіп өткізген жоқ. Осы кеште шаңғы жарысында ерлер арасында 50 шақырымда, ал, әйелдер сынында 30 шақырымда Олимпиадада топ жарып, жүлдеге ілінген спортшыларды марапаттау рәсімі өтті. Артынша Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах салтанатты түрде енді төрт жылдан кейін Ақ ойындар астанасы атанатын Бейжіңге ресми түрде Олимпиада туын табыс етті. Ендігі төртжылдықтың басты додасын ұйымдастыратын елдің өкілдері таныстырылымын өткізді. Қазақ елі Қысқы Олимпадада жалғыз қола медаль алып, 92 мемлекеттің арасында 28-орынға тұрақтады.