Пхенчхан-2018. 15-ақпан күнгі қазақстандық спортшылардың нәтижиелері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пхенчхан-2018. 15-ақпан күнгі қазақстандық спортшылардың нәтижиелері

15.02.2018
Пхенчхан-2018. 15-ақпан күнгі қазақстандық спортшылардың нәтижиелері

15-ақпан күні қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарында спорттың төрт түрі бойынша сынға түсті.

 

Тау шаңғысынан әйелдер арасындағы алып слалом сайысында Мария Григорова бірінші мүмкіндіктен 57-ші орынға тұрақтаса, екінші мүмкіндігінде 51-ші болып жарысты аяқтады. Ал, ерлер арасында жылдамдыққа түсу сайысында Игорь Закурдаев 39-шы нәтиже көрсетті. 


Шаңғыдан әйелдер арасындағы 10 км қашықтықты еркін жүріп өту сайысында 3 спортшы өнер көрестіп, Валерия Тюленева - 47-орын, Анна Шевченко - 56-шы, Елена Коломина - 63-ші орынды місе тұтты.


Биатлоннан әйелдер арасында 15 км жекелей сайыста Галина Вишневская 45-ші орыннан көрінсе, Ольга Полторанина - 46-шы, Алина Райкова - 47-ші және Дарья Климина - 51-ші болып қатар келді. Ал, ерлер арасындағы 20 шақырымдықта бақ сынаған Максим Браун - 61-ші орын, Василий Подкорытов — 62-ші, Тимур Хамитгатин - 72-ші, Владислав Витенко - 83-ші болып мәреге жетті.


Фристайл-акробатикадан бақ сынаған төрт отандасымыз да алғашқы іріктеу кезеңінде сәтсіз өнер көрсетіп, финалдық бәсекеге арналған жолдамаларға екінші іріктеу кезеңінен таласуға тырысты. Екінші іріктеу кезеңінде де жас спортшыларымыздың жолы болмады. Бұл сында Жанбота Алдабергеноваға финалдық бәсекеге жолдама беретін 6-ші орынға тұрақтау үшін сәл ғана ұпай жетіспеді. Жанботаның ұпай көрсеткіші - 85.36. Екінші іріктеу кезеңі: Маржан Ақжігіт (79.20 ұпай), Ақмаржан Қалмұрзаева (58.58 ұпай), Аяна Жолдас (57.98 ұпай).

 

16-ақпан күнгі жарыстар кестесі

Хабарламаларға жазылу