ХХІІІ Қысқы Олимпиадада Қазақстанға алғашқы жүлде әкелген Юлия Галышеваның анасын бүгін облыстық Спорт басқармасының өкілдері құттықтады. Жеңімпазды дүниеге әкелген батыр ананың қуанышында шек жоқ. «Юлияға жүлдегер атанған алғашқы минуттарда-ақ хабарластым, бірақ, ол қуаныштан тіл қата алмады», - дейді анасы Светлана Галышева.
Светлана Галышева, Ю.Галышеваның анасы:
- Үлкен финалға шыға ала ма, жоқ па, деп өте қатты уайымдадым. Әрине, жүрекжарды қуаныштан көзімнен жас тоқтамады. Тіпті, қан қысымым көтеріліп, дәрі іштім. Мен қызым үшін өте қуаныштымын.
Айдана ДАЙЫРОВА