Шаңғы жарысы. Пухкало 34-ші, Величко 43-ші көрсеткіш - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шаңғы жарысы. Пухкало 34-ші, Величко 43-ші көрсеткіш

11.02.2018
Шаңғы жарысы. Пухкало 34-ші, Величко 43-ші көрсеткіш

Пхенчхан-2018. Шаңғы жарысы бойынша 15+15 шақырым қашықтық бойынша Қазақстан құрамасынан Витали Пухалко мен Евгений Величко бақ сынап, Пухалко мәре сызығына 1:19:46,7 уақытта жетіп, 34-орыннан көрінді.

Ал, екінші шаңғышымыз Евгений Величко жеңімпаздан 4 минут 43 секундқа кеш келіп, 43-орынға жайғасты.

Айта кетейік, аталған сайыста алғашқы үштікті тек норвегиялық спортшылар құрады. Алтын медаль Симен Крюгердің еншісінде. Ал, Мартин Сандби мен Ханс Холанд күміс және қола медальға ие болды. Ақ Олимпиада ойындарының «Qazaqstan» және «Qazsport» арналарындағы эфир кестесін: http://olympics.kaztrk.kz/kz сайтынан көре аласыздар.
 

Хабарламаларға жазылу