Павлодар жұршылығы Оңтүстік Кореядағы Қысқы Олимпиадада ел намысын қорғайтын спортшыларға қолдау білдіріп, сәттілік тіледі. Байрақты бәсекеде Кереку өңірінен 7 спортшы ел намысын қорғайды. Олар биатлон, шаңғы жарысы және шорт-тректе өнер көрсетеді. Ал, елімізге танымал спортшы Людмила Прокашева конькиден Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы ретінде барады. Білгір маман өз шәкірттеріне үлкен үміт артады.
Людмила Прокашева, конькимен жүгіруден Нагано Олимпиадасының қола жүлдегері:
- Біз бұл күнге жету үшін бар ынта-жігерімізді жаныдық. Мен өзімнің және спортшыларымыздың атынан бізді қолдайтын жерлестерімізге алғысымды айтамын. Олимпиадаға дайындықтар кестеге сай жүргізілді. Мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалды.
Болат АМАНБАЕВ