Александр Касачев пен Жолдасбек Бектұрсыновтың жекпе-жегі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Александр Касачев пен Жолдасбек Бектұрсыновтың жекпе-жегі

02.07.2017

Екінші жұп - жетісулық Александр Касачев пен оңтүстікқазақстандық Жолдасбек Бектұрсынов.
Александр Касачев - «Қазақстан барысы» турнирінің тұрақты қатысушыларың бірі. «Жетісу бөрісі» атағын жеңіп алған палуан. Ол 2012, 2015 және 2016 жылдары осы турнирге қатысты.  

Қарсыласы Жолдасбек Бектұрсынов бүгінгі турнирге тұңғыш рет қатысып отыр. 1995 жылдың 17 наурызында дүниеге келген. 22 жастан енді ғана асқан палуан  Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері (2012), ҚР чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері. Лақап аты – «Оңтүстік арыстаны».

Белдесуде 2 минут 11 секундта  таза жеңіспен Александр Касачев ұтты. 

Естеріңізге саламыз, туринирді «Қазақстан» мен «Kazsport» арналары тікелей эфирде көрсетуде.

Хабарламаларға жазылу