«Қазақстан барысы-2017». Александр Касачев пен Айбол Айтпековтың арасындағы белдесу - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан барысы-2017». Александр Касачев пен Айбол Айтпековтың арасындағы белдесу

02.07.2017

Алматы облысының намысын қорғап келген Александр Касачев алғашқы белдесуінде 2 минут 11 секундта Оңтүстік Қазақстан облысының өкілі Жолдасбек Бектұрсыновты таза ұтқан болатын.

Қазіргі қарсыласы – Жамбыл облысының палуаны, өткен жылғы қола белбеу иегері Айбол Айтпеков. «Қазақстан барысы» турниріне 2015 жылдан бері қатысып келеді. Бапкері - Мұрат Әшімов.

Белдесуде 2 минут 57 секундтың ішінде Александр Касачев таза жеңіске жетті. 

Естеріңізге саламыз, турнирді «Қазақстан» мен «Kazsport» арналары тікелей эфирде көрсетуде. Сондай-ақ, kaztrk.kz және kazsporttv.kz cайттарынан онлайн көре аласыздар.

 

Хабарламаларға жазылу