«Қазақстан барысы-2017» турниріне қатысушы Ұлан Рысқұл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан барысы-2017» турниріне қатысушы Ұлан Рысқұл

19.06.2017
«Қазақстан барысы-2017» турниріне қатысушы Ұлан Рысқұл

Аймағы: Алматы облысы 
Лақап аты: Жетісу қыраны
Туған күні: 21.09.1986 
Бойы: 186 см 
Салмағы: 130 кг 
Спорттық атағы: Қазақ күресінен ҚР спорт шебері 
Спорттық жетістіктері: «Қазақстан Барысы» турнирінің тұңғыш жеңімпазы (2011) 
«Қазақстан Барысы» турниріне қатысуы: 2011, 2012, 2013, 2015, 2016 ж. 
Бапкері: Садық Мұстафаев

Биыл финалдық кездесулер 2 шілде күні «Барыс Аренада» өтеді. Соңғы жылдары жарыс «Сарыарқа» велотрегінде және «Дәулет» спорт кешенінде өткен болатын. Сондай-ақ, тамыз айында палуандар «Әлем Барысы» халықаралық турнирінде тағы бір рет күш сынасады. Еске салайық, «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі биыл жетінші рет өтпекші. Осы жарыста үш рет Бейбіт Ыстыбаев жеңіске жетті. Сонымен қатар, Ұлан Рысқұл, Айбек Нұғымаров және Мұхит Тұрсыновтар жеңімпаз атанды.

Хабарламаларға жазылу