Нұрсұлтан Жаңабаев қарсыласын алғашқы раундта нокаутқа жіберді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрсұлтан Жаңабаев қарсыласын алғашқы раундта нокаутқа жіберді

09.09.2017

Қазақстандық Нұрсұлтан Жаңабаев бразилиялық Алекс Сандро Дуартемен жұдырықтасып, жеңіске жетті.

Астанадағы бокс кешінің андеркартында өткен бірінші орта салмақ дәрежесіндегі жекпе-жектің алғашқы секундтарында Жаңабаев қарсыласын нокдаунға жіберді. Ал, бірінші раундтың соңында қазақстандық боксшыға төтеп бере алмаған бразиялық боксшы жеңіліске ұшырады.

Айта кетейік, 25 жастағы Жаңабаев кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін 2016 жылы Қытай елінде өткізген болатын.

Боксшылар арасындағы жекпе-жекті тікелей эфирде «QAZAQSTAN» және «QAZSPORT» телеарналары көрсетіп жатыр.
 

Хабарламаларға жазылу