АҚШ-тың Дэлавер қаласында бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Қанат Ислам (22-0, 18 КО) мен оның алдағы кездесудегі қарсыласы Робсон Асис (16-3, 9) жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсімінен өтті.
Ресми дерек бойынша, Қанат Исламның салмағы 154,2 фунт (69,94 келі) болса, ал оның қарсыласының салмағы 154,6 фунт (70,12 келі) болды.
Жекпе-жек Астана уақытымен 18 ақпан күні 07:55-те басталады. Бокс жанкүйерлері кешті «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналарынан тікелей эфирде тамашалай алады.